2018 жылдың 14 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік архивінде халықаралық конференция өтті. Конференцияның басты кәсіптік тақырыбы: «Ақпараттық әлемдегі архивтің рөлі».

Пленарлық конференцияның отырысына халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық архивтердің басшылары, ғылыми қызметкерлер, архив саласындағы мамандар қатысты.

Конференцияның мақсаты Қазақстанның архив ісі саласына инновациялық даму мен ақпараттық технологияларды енгізудегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болып табылады. Секциялық отырыстарға талқылау үшін ұсынылатын сұрақтар мәселелерді шешуге және практикалық сипаттағы нақты шешімдерді  жасау қажеттілігіне негізделген.

Конференция жұмысында Астана қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Арысбек Көкбас және құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Гульзифа Муканова қатысты.

Көрме залында қонақтардың назарына астанамыздың 20 жылдығына арналған «Елдің төрі – Елорда» атты көрме ұсынылды.

2018 жылғы 28 сәуірде Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп Астана қаласының Мемлекеттік архиві Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Елорданың 20 жылдығына арналған “Астана тарихы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Астана қаласының Мемлекеттік архиві Құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова «Астана тарихы» атты  тақырыпқа дәріс оқып, іс-шара барысында Астана тарихы туралы слайд көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты: жас өспірім ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту және Астананың дамуы мен қалыптасу тарихына деген қызығушылықты арттыру.

Астананың Мемлекеттік мұрағатында жинақталған көптеген құжаттардан Ақмола бекінісі құрылғаннан бастап қаланың тарихын зерделеп білуге болады. Шетел мұрағаттар қорынан жинақталған құжаттар біздің еліміздің тарихына қатысты және олар мұрағаттың алтын қоры болып саналады.

 

2018 жылғы 27 сәуірде Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік архивінде Ұлы Жеңіс күніне арналған Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешенінің қызметкерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл жұмысына қатысушылармен кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты: біздің еліміздің азаматтарына патриоттық, ізгілік және рухани тәрбие беруде мемлекеттік архив басқа мемлекеттік мекеме өкілдерімен, ғалымдарымен, республикалық білім мекемелерінің оқушыларымен бірігіп, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан халықтарының достығын, мемлекеттілігін нығайтуды көздейді және қоғамның біртұтастығын сақтауда негізгі құндылықтарға көңіл аударады: ол – тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Ресей Федарациясы елшілігінің өкілдері, Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешенінің қызметкерлері, Ресей ғылым және мәдениет орталығының өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері және Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, «Жас ұлан»  мектебінің ұландары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары және т.б. қатысты.

Аталған іс-шараға арналған «Ұлы Жеңіс» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге алғаш рет Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешені, Қазақстан Республикасы Президент Архиві және Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қорларынан бірегей құжаттар қойылды. Оның ішінде: 630 мыңнан астам қайтыс болған қала тұрғындарының, әскерлердің және офицерлердің есімдерінің тізімі, ҚазССР-іне соғыс жылдары эвакуация кезінде келген мекемелер мен оқу орындарының тізімі және т.б.

Пискарев Мемориалдық кешені директорының орынбасары Юскаев Рустам Нуруллаевич Астана қаласының Мемлекеттік архиві қорына соғыс кезінде Ленинград территориясында қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі мен Ленинград блокадасы туралы кітаптарды сыйға тартты.

Іс-шара барысында соғыс кезіндегі әскери әндер орындалды, Ұлы Отан соғысы туралы бейнефильм және соғыс кезіндегі жәдігерлер көрсетілді.

 

2018 жылы 26 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер университетінде құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаева «Астанадағы тарихи орындар» атты дәрісті «Дәстүрлі музыкалық өнер» факультетінің студенттеріне оқыды

Дәріс ХІХ-ХХІ ғасырлар тарихы мен мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған: астананы көшіру тарихы, қаланың дамуы, астананың тұсаукесері туралы құжаттар, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарка» аудандарының шеткі аймақтарында құрылыс жұмыстары жүргізілгені туралы құжаттар, ҚР жаңа елордасының тарихынан, экономикасынан, халқының құрамынан, мәдениетінен, білімінен, ғылымынан сыр шертетін фотолар, Астана қаласының (Ақмолинск, Целиноград, Ақмола) тарихымен байланысты тарихи тұлғалардың, ғылым білім, мәдениет, өнер және медицина қайраткерлерінің фотосуреттері ұсынылды.

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатындағы Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі болып саналады. Ол Орта Азияның көптеген елдерінде және кейбір славян жұртшылығында табиғаттың жаңаруы және көктемнің келуі ретінде бес мыңнан астам жылдан бері тойланып келеді.

         Наурызды тойлау кезінде адамдар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, жан жадыратар жылы сөздері мен құттықтауларын арнайтын болған. Әрбір үйде түрлі тағамдарға толы дастарқан жайылып, жаңа келер жыл берекелі                    де мерекелі жыл болсын деген ниет білдірген.

20 наурызда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізілді. Мұрағат қызметкерлерінің күшімен «Көрісу», «Құдалық», «Шашу», «Құйрық бауыр», «Беташар» сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетіліп, әннен шашу шашылды. Елорда тарихына байланысты өзара викториналық сұрақтар қойылып, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар дайындалды.

Дәстүр бойынша дастарханға наурызкөже, бешбармақ, бауырсақ, жент, құрт және басқа да ұлттық тағамдар қойылды.

Мерекелеудің соңында мұрағаттың басшылығының тарапынан осы         іс-шараны даярлауға және өткізуге белсенді атсалысқан қызметкерлерге естелік кәдесыйлар мен алғыс хаттар тапсырылды.